
Желтоқсан айының 21 күні кешкі мектептер арасында «Оқу процесінде кері байланысты жүзеге асырудың тиімді әдіс-тәсілдері” атты тақырыпта қалалық семинар өтті. Мақсаты - мұғалімдердің әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайлана отырып, кері байланысты тиімді жүзеге асыра білу дағдыларын дамыту, кері байланысты жүзеге асырудың тиімді түрлерімен бөлісу және мектептер арасындағы ынтымақтастықты орнатуға ықпал ету.
Семинарға «№5 орта мектебі» КММ оқу ісінің меңгерушілері, «№3 кешкі мектебі» КММ мұғалімдері, «№2 кешкі мектебі» КММ ұжымы және №16 мекеменің тәрбие бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Семинар жоспары 2 бөлімнен тұрды. ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№2 кешкі мектебі» КММ құрылғанына биыл 20 жыл толуына орай семинардың бірінші бөлімі осы атаулы датаға арналып, мектеп директоры Е.Е.Жортаров мектептің ашылу тарихымен таныстырып, әріптестерін құттықтап өтті. Сонымен қатар ардагер ұстаздарға №16 мекемесінің тәрбие бөлімінің басшысы Б.Қ.Ниязбеков Е.Е.Жортаровқа, А.Е.Құрманғалиеваға, С.С.Кашкамбаеваға, К.Д.Кашкановаға көп жылдық елеулі еңбегі үшін ҚАЖД-нің және қалалық білім бөлімінің әдіскері Н.Т.Капчикова мектептің дамуына үлес қосып жүрген мұғалімдерге А.Ф.Аймуханбетоваға, Қ.Т.Баймолдинаға, Г.Б.Калиеваға, С.О.Камалиттеновке, М.К.Мейрмановаға қалалық білім бөлімінің грамоталарын табыстады. 50 жылға жуық ұстаздық еңбегі үшін Рамазанов Зерянхан Қатянұлы ҚР БҒМ алғыс хатымен марапатталды.
Семинардың екінші бөлімінде кері байланыс тақырыбы бойынша мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу жүзеге асты. Семинардың жүру барысын «№2 кешкі мектебі» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Аймуханбетова Арайлым қолға алды. Қатысушылар 3 топта жұмыс жасап, кешкі мектеп оқушылары үшін кері байланысты тиімді жүзеге асырудың жолдарын қарастырды. Мұғалімдер кері байланыс берудің теориялық және практикалық жағын да қарастырып, өзара пікір алмасты. Семинар нәтижесінде педагогтер тиімді кері байланысты игеру арқылы қаншалықты өз тәжірибесін жақсартуға болатынын, оқу мотвациясын арттырудағы кері байланыс маңызының жоғары екендігін, әрі семинар барысында көрсетілген түрлі әдіс-тәсілдермен өз білім қоржындарын толықтырғандықтарын атап өтті.
Семинардың жоғары дәрежеде өтуіне үлес қосқан мұғалімдерге сертификаттар табысталып, мектеп директорына алғыс хат ұсынылды.