
15 желтоқсанда Өскемен қ. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша облыстық жарыстар өтті. ШҚО ТЖД спорт манежінде Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу және Шымкент қалаларынан 100-ден астам спортшы жеңіс үшін таласты.
Ерлер, әйелдер мен жасөспірімдер жарыстың екі түрі бойынша бақ сынасты: 100 метрлік кедергілер жолағын еңсеру және шабуыл баспалдақтарымен көтерілу болды. ШҚО жасөспірімдер құрама командасына «№29 ҚББМО» КММ «Жас құтқарушы» орталығының өртте-құтқару спорт секциясының 10 тәрбиеленушісі қатысты.
Табанды күрестің нәтижесінде Өскемендегі жас құтқарушылар барлық жүлделі орындарға ие болды.
Шабуыл баспалдақтарымен көтерілу:
- жасөспірімдер арасында кіші топ:
1 орын-Расул Кенжебек, ШҚО, № 39 мектеп
2 орын-Игнат Редкин, ШҚО, № 29 мектеп
3 орын-Сергей Зюбин, ШҚО, № 4 мектеп
- жасөспірімдер арасында орта топ:
1 орын - Никита Боков, ШҚО, №26 мектеп
2 орын-Артем Виноградов, ШҚО, №19 мектеп
3 орын - Аркадий Серов, ШҚО, № 17 мектеп.
Алда 2024 жылдың ақпан айында Өскеменде өтетін Қазақстан чемпионаты бар.
«№29 ҚББМО» КММ «Жас құтқарушы» орталығы