
Қысқы демалыстың кезекті күнінде Оқушылар шығармашылық сарайында, жоғары сынып оқушыларына арналған «Ұмытылған қала» атты ойын-сауық бағдарламасы өтті.Қатысушылардың ғажайып Торговляндия қаласына саяхат жасауға мүмкіндіктері туды.
Әр түрлі сынақтардан өткен топтар сиқырлы жетондарды иеленді, жетон саны орындалған тапсырмаларға байланысты болды.
Бұл саяхат балалардың өздерін нағыз зерттеушілер ретінде сезініп,ғажайып сыры мол қаланың ертегілік әлеміне бойлауға мүмкіндік берді.