
Қысқы демалыс жалғасын табуда! Жаңа жылдың алғашқы күндерінен-ақ Оқшылар сарайы тәрбиеленушілерді қызықты бағдарламалармен қуантуға дайын.
Кіші мектеп жасындағы оқушыларға арнап «Ғажайыптар аукционы» ойын бағдарламасы өткізілді. Ойын барысында балалар әртүрлі сынақтардан өтіп, тиесілі ұпайларын жинады. Бағдарлама соңында жиналған ұпайларды аукцион арқылы шыршаны безендіруге арналған заттарға айырбастап, әр топ өзінің ерекше шыршасын жасады. Балалар шыршаларының әсемдігімен және бірегейлігімен жарыса отырып, тағы бір мәрте Жаңа жылды атап өтуден естен кетпес естеліктер мен жағымды әсерге ие болды.