
Жаңа жылдық ертеңгілік 2023 жылғы 27 желтоқсанда "№19 мектеп қосымша білім беру орталығы" КММ-де өтті. оған бастауыш сыныптардың оқушылары, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар қатысты. Балаларды құттықтауға Өскемен қаласының білім бөлімінің басшысы Сәуле Бауыржанқызы Алагузова келді. Ол балаларға зор денсаулық, оқу жетістіктерін тілеп, Аяз атадан сыйлықтар табыс етті.
Ата-аналардың пікірінше, мереке жоғары деңгейде өтті. Актерлер мен аниматорлар көрермендерді көңілді қойылыммен қуантты, оған барлығы белсенді қатысты. Алғыс сөздерін білдіре отырып, қатысушылар: "білім бөлімінің басшысы Сәуле Бауыржанқызына балаларымызға қамқорлық пен көңіл бөлгені үшін, директорымыз Қайрат Фазылұлы Кикбаевқа осындай керемет мерекені ұйымдастырғаны үшін, сондай-ақ "Шығыстүстімет " ЖШС демеушілері Ильсур Усманұлы Даутов пен Марина Юрьевна Быковаға алғысымызды білдіреміз".