2023 жылдың 22 желтоқсанында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Ахмер орта мектебі аумағында қысқы мұз айдынының ашылуы ұйымдастырылды. Іс - шараға 8-9 сынып оқушылары белсене қатысты. Мектеп директоры А. З. Қапжапаров, 27943 әскери бөлімінің командирі А. Е. Әбікенов құттықтау сөз сөйлеп, лентаны салтанатты түрде қиып, оқушыларды осы оқиғамен, сондай-ақ келе жатқан мерекемен құттықтады.
Дене шынықтыру мұғалімдері қызықты ойындар дайындап өткізді, онда балалар мұзда сырғанау шеберлігі мен ептіліктерін танытты. Балалар көңіл көтеріп, жақсы демалды. Мектепте коньки тебу маусымы ашық. Біз барлығын мұз айдынына шақырамыз!