22.12.2023жылы “Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі” КММде “Ziyatker” дебат клубының ұйымдастыруымен “16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне” арналған қалалық “ZIYATKER CUP II” турнирі өтті.
Турнирге қала мектептерінен №1, №3, №15, №16, №20, №33, №35, №43, №44, №49 және облыстық дарынды балаларға арналған Физмат лицейі оқушылары барлығы 24 команда (48 ойыншы, 11жетекші) қатысып, жеңімпаздар мен қатысушылар, жетекшілер марапатталды.
Турнир БПФ және ЛД форматтарында өтті.
Турнир қорытындысы бойынша:
1-орын: Paradise фр. Еркін Таңнұр, Акимбаева Амина (Физмат)
2-орын: Ее ок мхм фр. Алмасұлы Мерхат, Болатбекова Аруна (№3 мектеп-лицей)
3-орын: Өр-Алтай фр. Исламова Елігай, Исина Асель (№44 лицей)
Финалист: Ұшқын фр. Қуатқанқызы Толғанай, Еркін Нұрсара (№33 мектеп)
Үздік спикер: Алмасұлы Мерхат (Ziyatker дк)