
Жаңа жыл - бүкіл әлемде тойланатын ең жарқын және ең керемет мерекелердің бірі. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында дәстүр бойынша ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Жас техниктер станциясы» КМҚК «Материалдық өңдеу технологиялары» бөлімінің оқушылары жұмыстарының есеп беру көрмесі өтті.
Оқушылар жаңа жылдық қолөнер бұйымдарын жасауға үлкен жауапкершілікпен, ең бастысы, шығармашылықпен қарады. Бұл жерден қандай кереметтерді көресіздер! Жаңа жылдың ойыншықтары, көңілді қар адамдары, шыршалар және т.б. Қатысушылардың жұмыстары бізді өзіндік ерекшелігімен, креативтілігімен, эстетикалық тартымдылығымен, сонымен қатар әртүрлі өндіріс техникасымен таң қалдырды. Келушілер көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлер алды.