
20 желтоқсан күні ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің "№9 орта мектебі" КММ-де «ЖҒБ сабақтарында жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты қалыптастыру» атты қалалық семинар өтті.
Мектеп мұғалімдері оқушылардың жетістіктерін сырттай бағалауға дайындық бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Мұғалімдер А.П. Руденко, С.М.Құсайынова, Н.Ю.Жабина-Федорова ашық сабақтар өткізді. Жұмыс тәжірибесімен бөлісті, жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыратын жұмыс түрлерін, әдістер мен стратегияларын көрсетті.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Е. М. Ровенко шеберлік сыныбын өткізді, онда мұғалімдердің өз сабақтарында қолданатын, жаратылыстану сауаттылығын дамытатын әдіс-тәсілдерді, стратегияларды және технологияларды талдады: БиС технологиясы, сингапурлық білім беру жүйесі, «Зигзаг», «Кейс», «Органайзер» стратегиясы.
Семинарға қатысушылар мектеп мұғалімдерінің жұмысына жоғары баға берді, мектептің жұмыс тәжірибесін бағалады, жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыруға ықпал ететін стратегиялар мен әдістер туралы білді, қатысушылар шығармашылық қуат пен жағымды эмоциялар алды.