
20.12.2023 жылы "Жігер" балалар-жасөспірімдер клубтары бірлестігінің 20 жылдығына арналған "Белсенді жасөспірім" бастамашыл топтарының VI слеті өтті.
Мерекелік іс-шараға балалар мен жасөспірімдер клубтарының 70-тен астам белсенділері қатысты.
Ұмытылмас атмосфераны құру үшін жарқын welcome аймағы, шығармашылық фотоаймақ құрылды, вокалдық ұжымдардың шығармашылық нөмірлері ұсынылды, залмен интерактивті ойындар, флешмоб өткізілді.
"Жігер" балалар-жасөспірімдер клубтары бірлестігінің директоры Деш Елена Николаевна слет қатысушыларына белсенді өмірлік ұстанымы, жоғары шығармашылық әлеуеті, сарқылмас энергиясы үшін алғыс айтып, мақтау қағаздар, сертификаттар, сыйлықтарды табыс етті.
"Жігер" балалар-жасөспірімдер клубтары бірлестігінің белсенді жасөспірімдері үшін басты тосынсый "Эмиль" ЖШС-не қызықты экскурсия болды.