Құқықтық сауаттылық сабағы өткізілді

Құқықтық сауаттылық сабағы өткізілді

Облыстың бас полицейі полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков Өскемен қаласының №30 жалпы білім беру мектебінің оқушыларымен құқықтық сауаттылық сабағын өткізіп, қазіргі жағдайда жастарды алаңдататын қауіптер туралы жеке әңгімелеп берді.
Департамент бастығы бірінші кезекте ЖБО-ға тікелей интеграцияланған бейнебақылау камералары мен дабыл батырмалары жүйелерінің жұмысын, сондай-ақ қызмет көрсететін бөлімшелердің келу жеделдігін тексерді.
Кездесудің басты мақсаты, әрине, іс-шараның бастамашысы болған 200-ден астам оқушымен кездесу болды.
- « Бірінші кезекте, шақырғаныңыз үшін алғыс айтқым келеді, мұндай бастама мені қуантады. Бұл сіздердің заңға қызығушылық танытып, тәртіп сақшысы болуға дайын екендіктеріңізді білдіреді», - деп атап өтті полиция генерал-майоры.
Өз кезегінде оқушылар генералды аса қызығушылықпен тыңдап қапы қоймай, тұшымды жауаптар алды. Ерлан Болатұлы жасөспірімдерді тәртіпті болуға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға, спортпен шұғылдануға, үнемі білімін жетілдіруге және жаңа биіктерге жетуге шақырды.
Іс-шара соңында педагогтар мен ата-аналар қонаққа балаларға қажетті ақпараттармен кеңестер бергені үшін алғыс білдірді.
Мектеп басшысы өз кезегінде іс-шараға қатысушылара алғысын білдірді.
Іс-шара дәстүрге айналған қару-жарақ көрмесімен аяқталды.