
✔️2023 жылдың 15-19 желтоқсанында қаламыздың дарынды оқушылары «INFOMATRIX-ASIA-2023» ІТ-жобалары бойынша халықаралық конкурсқа қатысты.
✔️Сайыс 6 бағытта және ағылшын тілінде өткізілді: Робототехника – FLL Challenge және Aruduino Hackathon; Компьютерлік бағдарламалау; Компьютерлік графика және өнер; Қолданбалы ғылыми жобалар; Қысқаметражды фильмдер; Қолданбалы математика жобалары.
✔️Жарысқа 4 мемлекеттен 450 оқушы қатысты.
🥈Халықаралық жарыстың қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломдармен және күміс медальдармен келесі оқушылар марапатталды:
- Өскемен қаласының «Нұрорда» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Джамбулатов Алишер;
- Өскемен қаласының «Нұрорда» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Тұрсынхан Мансұр;
- Өскемен қаласының «Нұрорда» мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Полат Эфе Джан.
Джамбулатов Алишер мен Тұрсынхан Мансур Алматы энергетика және байланыс университетінің ОҚУ ГРАНТТАРЫН иеленді
👏Халықаралық сайыстардың жүлдегерлерін, олардың ата-аналарын және мұғалімдерін құттықтаймыз! Жаңа жеңістер тілейміз!