«Тәуелсіздік - бағаға жетпес құндылық» атты тақырыпта жалпы эссе байқауының жеңімпаздарын марапаттау

«Тәуелсіздік - бағаға жетпес құндылық» атты тақырыпта  жалпы  эссе  байқауының жеңімпаздарын  марапаттау
2023 жылдың 15 желтоқсанында Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының 8 - 11 сынып оқушылары арасында қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу шеңберінде «Тәуелсіздік - бағаға жетпес құндылық» атты тақырыпта жаппай эссе байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Байқау рәсіміне Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар, қала әкімінің орынбасары И.Ф.Смит қатысты.
Байқау оқушылардың азаматтық сана - сезімін дамытуға, оның ел тағдырына қатыстылығы мен болашағы үшін жауапкершілігін тәрбиелеуге бағытталған.
Жалпы эссе байқауының қалалық кезеңіне қаланың білім беру ұйымдарынан 1 орынды жеңіп алған 51 оқушы қатысты. Жүлделі 8 орынға ие болған оқушылар: Бас жүлде - Ш. Уәлиханов атындағы № 3 мектеп - лицейінің 10 - сынып оқушысы А. Бақтиярова, № 11 мектеп - лицейінің КММ 9 - сынып оқушысы Т.Огнёва. І орын - № 46 орта мектебінің 11 - сынып оқушысы Ш.Нұрмұхамбет № 10 мектеп - гимназиясының 10 - сынып оқушысы К.Сидоренко, ІІ орын - № 35 орта мектебінің 11 - сынып оқушысы Д.Оразканова, Л. Гумилев атындағы № 38 гимназиясының 10 - сынып оқушысы В.Яшина, ІІІ орын - «З. Ахметов атындағы № 16 орта мектебінің 10 - сынып оқушысы А.Алтынбекова Меновное орта мектебінің 10 - сынып оқушысы А.Рогозина.
Жаппай эссе байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары қала әкімнің мадақтамасы мен бағалау сыйлықтарына ие болды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!