"Алау-2023" сайысының жеңімпаздары

"Алау-2023" сайысының жеңімпаздары
2023 жылдың 11 желтоқсаны күні Өскемен қаласы әкімінің жастар арасындағы "Алау - 2023" жүлдесіне арналған байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: Қазақстан Республикасы жас азаматтарының айрықша еңбектерін ынталандыру және бағалау. Биыл байқаудың дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқанына 5 жыл толды. «Алау - 2023» байқауы 7 аталым бойынша ұйымдастырылып, «Үздік» деп танылған жеңімпаздар қала әкімінің арнайы жүлдесіне ие болады.
Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі байқаудың екі бағыт бойынша қатысып, "Үздік оқушы" номинациясы - Омар Алима, "Үздік жас ұстаз" номинациясы - дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, зерттеуші-педагог Мухажанова Мадина Адилхановна иеленді. Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар салтанатты түрде жеңімпаздарды құттықтап, жүлделерін табыстады. Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінің жеңімпаздарын құттықтаймыз, еңбектеріңіз еселене берсін, биік шыңдарды бағындырып, жоғары жетістіктерге жете беріңіздер!