
2023 жылдың 13 желтоқсанында Өскемен қаласы білім бөлімінің «№70 балабақша-бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында «Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытуда нейропсихологиялық ойындар мен жаттығуларды қолдану» тақырыбында қалалық семинар өтті. Балабақша тәрбиешілері бірқатар интерактивті сабақтар, практикалық шеберлік сабақтарын өткізіп, жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Шара мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Семинар-практикумының барлық қатысушыларына рахмет.