
No1 Балалар музыка мектебінде «Қазақстан Республикасының мерекелері» жобасы аясында «Менің Отаным - Қазақстан!» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. 5-7 сынып оқушылары Қазақстан композиторларының шығармашылығы туралы жобалар қорғап, көп ұлтты мемлекетіміз туралы өлеңдер оқып, музыкалық байқаулар мен викториналарда өздерінің эрудицияларын көрсетті.