"Қазіргі кезеңдегі мектепте тарихи білім беруді дамыту: проблемалар мен перспективалар"ғылыми-практикалық конференциясы  

"Қазіргі кезеңдегі мектепте тарихи білім беруді дамыту: проблемалар мен перспективалар"ғылыми-практикалық конференциясы   

   ҚР Тәуелсіздік күніне орайластырылған іс-шаралар жоспары аясында 2023 жылғы 13 желтоқсанда қоғамдық пәндер мұғалімдерінің "Қазіргі кезеңдегі мектепте тарихи білім беруді дамыту: проблемалар мен перспективалар" атты қалалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияны ұйымдастырушы: ШҚО ББ "Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі" ММ, О. Бөкей атындағы орталық кітапхана.

 Конференцияның мақсаты: қоғамдық пәндер сабақтарында және сыныптан тыс іс-шараларда оқушыларға патриоттық тәрбие беру контекстінде қоғамдық пәндер мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибесін дәріптеу.

Конференция барысында педагогтар TEDx форматындағы проблемалық алаңды талқылауға қатысты. Конференцияға 60 адам қатысты. Конференция қорытындысы бойынша тезистер жинағын шығару жоспарлануда.