
2023 жылғы 6 желтоқсан күні Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі ұйымдастыруымен «Биология, химия және география пәндері бойынша оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындаудың тиімді педагогикалық технологиялары» атты қалалық семинар өтті. Семинарды білім бөлімінің әдіскері Капчикова Нургуль Тілеубековна бастады. Семинарда Ахмет Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебіің жаратылыстану-ғылыми циклі бойынша пән мұғалімдері іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Атап өтсек: география пән мұғалімі Абзелеева Камила Аукеновна,
химия пәні мұғалімі Муханова Асел Сейткановна, биология пәні мұғалімі
Боранбаева Жанар Камановна. Осы орайда мемлекеттік тілде оқытылатын қала мектептері жаратылыстану пәндер циклі мұғалімдерінің қатысуымен шеберлік сынып өткізілді. Мақсаты: Жаратылыстану пәндер циклі бойынша қорытынды аттестаттауға оқушыларды дайындаудың тиімді педагогикалық технологиясымен бөлісу барысында қорытынды аттестацияға дайындаудың тиімді жақтарын ұсыну. Іс-шара барысында өткен шеберлік сыныптарды қатысушылар жоғары бағалап, қызығушылық танытты. Семинар жұмысында педагогтер алған әсерлерімен бөлісіп, білім берудегі заманауи әдіс-тәсілдерді үйренгендерін айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.