Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусының құрылғанына 27 жыл толды

Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусының құрылғанына 27 жыл толды

12 желтоқсан 2023 жыл №47 жалпы білім беретін мектебінде тарих пәні мұғалімдері Шаріпханов Т.Ш. мен Шаріпханова Ж.Ш. ұйымдастыруымен қалалық жоспарға сәйкес, қала мектептерінің оқушылары арасында «Не? Қайда ? Қашан?» зияткерлік ойыны өтті. Мақсаты: жетекші мектеп ретінде №45, 46, 48, 49  мектептерімен іс-тәжірибе алмасу, тарихшы жас пән мұғалімдеріне №47 мектептің іс-тәжірибесін тарату.

Ойынға №45, 46, 48, 49  мектеп оқушыларынан құралған екі команда қатысты. Ойын барысында әлемдік тарих, география, химия, физика , дене шынықтыру (спорт) пәндерімен байланысы бар сыни тұрғыдан ойлауға арналған сұрақтар қамтылды.

Ойынға төрелік ету мақсатында қалалық білім бөлімінің әдіскері Юрова Ю.В. келді. Ойын үш кезеңнен тұрып, ойын барысында 4:2 есебімен №48 мектеп оқушысы Советбек Жан, №46 мектеп оқушысы Жұмағали Аружан,  №45 мектеп оқушысы Арман Аружаннан құралған команда жеңіске жетті. Жеңімпаздар қалалық білім бөлімі тарапынан мадақтамалармен марапатталды. Екінші команда мүшелері №48 мектеп оқушысы Муратов Ануар, №46 мектеп оқусышы Самархан Мадияр, №45 мектеп оқушысы Маутбекова Талшын қалалық білім бөлімі тарапынан алғыс хаттармен марапатталды. №46 мектеп оқушысы Жұмағали Аружан ерекше білімімен көзге түсіп, «Үздік білгір» номинациясын жеңіп алды.