27 лет со дня открытия кадетского корпуса имени Ч. Валиханова

27 лет со дня открытия кадетского корпуса имени Ч. Валиханова
2023 жылғы 5-желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №4 орта мектебі» КММ-де Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусының құрылғанына 27 жыл толып, алғашқы ант қабылдады. Осы уақыт ішінде әскери қызметкерлердің, әскери дәрігерлердің, қауіпсіздік органдарының бір емес бірнеше буыны өсіп шықты.
⭐️Дәстүр бойынша іс-шара үш кезеңде өтті:
1. Бірінші сынып оқушыларының Кадет антын салтанатты түрде қабылдауы.
2. Кадет балы.
3. Мерекелік шай ішу - ата-ананың балаларға тартуы.
Мереке қонақтары:
⭐️ ата-аналар;
⭐️қоғамдық ұйымдардың және Ұлттық ұлан 5518 әскери бөлімінің өкілдері;
⭐️ШҚО ІІД бірінші орынбасары полиция полковнигі Қожахметов Д.Р.;
⭐️Ұлттық ұлан «Шығыс» ӨңҚ Ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы полковник Оразбаев А.А.;
⭐️«Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Өскемен қалалық филиалының төрағасы Фролов О.Г.;
⭐️“ALTAI” телеарнасы.
⭐️Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің арнайы бөлімшесі іс-шарада қойылым көрсетті. Майор М.Г.Ноговициннің жетекшілігімен әскери оркестрдің қатысуы - бұл біздің мерекеде дәстүрге айналды.
Кадет корпусының абыройы арта берсін!