
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2023 жылдың 7–8 желтоқсан аралығында Алматы қаласында «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының қорытынды (республикалық) кезеңін өткізді.
Пәндер бойынша таңдау курстарын, арнайы курстар, элективті курстар, оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы авторлық тәжірибесін анықтау және тарату мақсатында өткізілді.
Республикалық кезеңге Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ физика пәні мұғалімі З.К. Кадирова, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы № 3 мектеп-лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі М.Д. Жагыкпанова, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Лев Гумилев атындағы № 38 гимназиясы» КММ дене шынықтыру пәні мұғалімі А.В. Лапина қатысты.
Конкурс жеңімпаздары: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің дипломдарымен және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен марапатталды. ІІІ дәрежелі дипломмен – Кадирова Зина Кадирқызы, ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 47 жалпы білім беретін мектеп» КММ, физика пәнінің мұғалімі. Кадирова Зина Кадировнаны жеңісімен құттықтаймыз!