
Педагогтердің шығармашылық және кәсіби өсуін ынталандыру, мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін арттыру, заманауи инновациялық білім беру технологияларын анықтау және тарату, жаңашыл мұғалімнің құрылымдық және мағыналы моделін әзірлеуге бағытталған «Педагогикалық идеялар фестивалі» Республикалық байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды.
«Педагогикалық идеялар фестивалі» Республикалық байқаудың облыстық кезеңінде 5 бағыт бойынша «Білім беру жүйесіндегі менеджмент», «Шеберлік палитрасы», «Шығармашыл толқын», «Сабақ аяқталған соң...», «Психологиялық сандықша» өткізілді. Байқауға Өскемен қаласының мектептерінен қалалық кезеңнің жеңімпаздары - 12 педагог қатысты.
Облыстық кезеңде келесі бағыттар бойынша Өскемен қаласының мектептерінен жеңімпаздар анықтады:
ІІ. «Шеберлік палитрасы» бағыты
а) Физика-математика бағытындағы пәндер бойынша:
І дәрежелі диплом – Маратқызы Мадина, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ физика пәні мұғалімі.
б) Ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша:
І дәрежелі диплом – Сейтказинова Бибигуль Мырзагалиевна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 7 орта мектебі» КММ, химия пәні мұғалімі.
в) Қоғамдық –гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша:
І дәрежелі диплом - Даулетбаева Казиза Абаевна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№18 орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі.
ІІ дәрежелі диплом - Оразғалиева Мәдина Мұратқызы, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектебі» КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі.
г) Қолданбалы цикл бойынша:
ІІІ дәрежелі диплом - Мусина Гульфайрас Толеухановна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ көркем еңбек пәні мұғалімі.
ІІІ. «Шығармашыл толқын» бағыты бойынша:
І дәрежелі диплом - Воронова Оксана Викторовна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша «№ 33 Абай атындағы орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі.
І дәрежелі диплом – Кобыкбаева Бакытнур Айтмукашызы, ШҚО Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ш.Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицей» КММ бастауыш сынып мұғалімі.
ІІ дәрежелі диплом – Бородина Марина Владимировна, ШҚО Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы №39 орта мектебі» КММ педагог-психолог.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары «Педагогикалық идеялар фестивалі» Республикалық конкурсқа қатысады.
Конкурстың облыстық кезеңнің жеңімпаздарын құттықтаймыз, еңбектеріне шығармашылық табыс тілейміз!