
2023 жылдың 11 желтоқсанында Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының 8 - 11 сынып оқушылары арасында қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу шеңберінде «Тәуелсіздік - бағаға жетпес құндылық» атты тақырыпта жалпы эссе байқауының қалалық кезеңі өтті.
Байқау оқушылардың азаматтық сана - сезімін дамытуға, оның ел тағдырына қатыстылығы мен болашағы үшін жауапкершілігін тәрбиелеуге бағытталған.
Жалпы эссе байқауының қалалық кезеңіне қаланың білім беру ұйымдарынан 1 орынды жеңіп алған 47 оқушы қатысты.
Жалпы эссе байқауының қалалық кезеңіне Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы С.Б.Алагузова оқушыларға өзінің құттықтау сөзін арнап, сәттілік тіледі.
Жалпы эссе байқауының қалалық кезеңінен жүлделі орын алған оқушылар мадақтамалар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.