Пікірталас алаңы «Айтшы, сен не туралы үндемейсің?»

Пікірталас алаңы «Айтшы, сен не туралы үндемейсің?»

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің басшылығымен Оқушылар шығармашылық сарайының мамандары білім беру ұйымдарымен бірлесіп «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» Халықаралық акциясы аясында Зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қарым-қатынас сағаты «Айтшы, сен не туралы үндемейсің?» жалпықалалық пікірталас алаңын өткізді.

Бұл іс-шараның мақсаты мектеп оқушыларын өмірдің қиын жағдайлары, әсіресе зорлық-зомбылық жағдайларына байланысты үнсіз қалмау керек екендігін түсіну. Жасөспірімдер үнсіз қалса, жағдай шешілмейді, керісінше нашарлайды, ал «агрессор» жазасыз болатынын ұғындыру. Қандай жағдай болмасын көмек сұрай отырып, қорлауға, қатыгездікке және зорлық-зомбылыққа байланысты кез-келген әрекеттің алдын алу және тоқтату қажет.

Іс-шара мектептердің 7-9 сынып оқушыларымен пікірталас қарым-қатынас форматында өткізілді, бұл сенімді, ашық ортаны құруға және жасөспірімдермен ең өзекті мәселелер туралы сөйлесуге мүмкіндік берді, бұл балаларға өз қорқыныштарымен бөлісуге және жағдайларға әртүрлі жағынан қарауға мүмкіндік берді.

Қатысушылар мамандармен осындай кездесулердің пайдалылығы мен маңыздылығын атап өтті.