
2023 жылдың 9 желтоқсан күні қалалық білім бөлімі "Жұлдыз" балалар өнер мектебімен бірлесіп "№48 қосымша білім беру мектеп-орталығында", ұлы күйші -композитор Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған оркестрлер мен халық аспаптар ансамбльдері арасында жыл сайынғы "Халық музыкасының дәстүрлерін жаңғырту" қалалық фестиваль-байқауы өткізілді. Фестиваль-байқауға қаланың жалпы білім беру мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарының шығармашылық ұжымдары қатысты. Екі жас ерекшелігі бойынша жеңімпаздар белгіленді: кіші мектеп жасы (7-10жас) және орта мектеп жасы.
Дарынды оқушыларымыз өз дайындықтарын жоғары деңгейде көрсетті.
Марапаттар өз жеңімпаздарын тапты: Бас жүлдеге ие болған: "Қазына"ансамблі
(№19 ҚББМО, жет. Ахметкалиева К.А.).
1 орынға ие болғандар: "Толғаным" ансамблі ("Жұлдыз" БӨМ, жет.Авгамбаева Б.К.), "Поющие флейты" (№12 мектеп-гимназия жет.Рыльская Е.Г.), "Шығыс сазы" ансамблі ("Жұлдыз" БӨМ жет.Азатбек Орынбек), "Балғын" ансамблі ("Жұлдыз" БӨМ жет. Карменова З.М.).
2 орынға ие болғандар: " Жігер" ансамблі (Жұлдыз" БӨМ, жет.Ибалульдина К.Е.), "Жігер" ансамблі (№46 ОМ жет. Суттыбаева М.Т.), "Мұрагер" ансамблі (№3 мектеп лицей, жет.Ахмадиев М.), "Домбыра сазы" ("Жұлдыз" БӨМ жет.Рахымбаева А.Ә.), "Шалқыма" ансамблі ("Жұлдыз" БӨМ, жет.Ергалиева К.Е.).
3 орынға ие болғандар: "Балдырған" ансамблі (№1 БММ жетекшісі Касенова С.К.),
"Сырлы саз " ансамблі (№48 ҚББМО жет.Абсеитов К.К.), "Көктерек" ансамблі ("Жұлдыз" БӨМ жет.Елюбаева С.Р.), "Сәйгүлік" ансамблі ("Жұлдыз" БӨМ Акылбаева А.С.)