«Үздік өлкетану сабағы-2023» облыстық байқауына қатысу туралы

«Үздік өлкетану сабағы-2023» облыстық байқауына қатысу туралы

✨Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2023 жылы 28 қарашада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Үздік өлкетану сабағы-2023» облыстық байқауы офлайн форматта өткізді.

Байқауға Өскемен қаласының жалпы орта білім беретін мектептердің «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті», орыс тілінде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті», «География» пәндері бойынша байқаудың қалалық кезеңінен өткен 6 жеңімпаз педагог қатысты.

🏆Конкурстық комиссиясының шешімі бойынша Өскемен қаласының мұғалімдері І, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды:

1⃣ орын –Зиновьева Оксана Сергеевна, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№19 орта мектебі» КММ география пәнінің мұғалімі;
ІІІ орын – Зейнолдина Гульнафис Кайргазиновна, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№43 орта мектебі» география пәні мұғалімі.
✅ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№18 орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі Даулетбаева Казиза Абаевна «Заманауи үздік өлкетану сабағы» аталымына ие болды.

Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!