«Абай - ұлттың рухани кемеңгері» атты қалалық сайыс

«Абай - ұлттың рухани кемеңгері» атты қалалық сайыс
2023 жылдың 30 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің жоспарына сәйкес 8 - 10 сынып оқушылары арасында қазақтың ұлы ақыны, сазгер, аудармашы, философ Абайға арналған «Абай - ұлттың рухани кемеңгері» атты қалалық сайыс өткізілді.
Абай оқуларының негізгі мақсаты қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының әдеби шығармаларды оқуға деген қызығушылықтарын арттыру
«Абай - ұлттың рухани кемеңгері» қалалық сайысы 7 кезең бойынша ұйымдастырылды.
​ «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» кезеңі - Абай өлеңдерін жатқа оқу сайысы. «Абайдың қарасөздері» кезеңі бойынша Абай қарасөздерін жатқа, мәнерлеп оқу. «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» кезеңі бойынша Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу. «Көңілім әнді ұғады» кезеңі - оқушының Абай және Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезеңі - оқушыға ақындығын бағалау үшін кез келген тақырыпта өлең шығару тапсырмасы беріледі. «Ұлылар әлемі» Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа эссе жазу. Көптілді білім беруді жүзеге асыру мақсатында № 10, 12, 38 гимназиялар үшін 1 - кезеңнің ережесі бұл жерде қатаң сақталады. № 10 гимназия өлеңді қазақ, ағылшын, француз, неміс тілінде, № 12 гимназия өлеңді қазақ, ағылшын, неміс тілінде, № 38 гимназия өлеңді қазақ, ағылшын, француз тілінде мәнерлеп оқыды.
«Абай - ұлттың рухани кемеңгері» атты қалалық сайысына қаланың білім беру ұйымдарынан барлығы 160 оқушы қатысты.