«Бастауыш сыныптарда цифрлық сауаттылыққа оқытудағы денсаулықты сақтайтын технологиялар» тақырыбында онлайн семинар

«Бастауыш сыныптарда цифрлық сауаттылыққа оқытудағы денсаулықты сақтайтын технологиялар» тақырыбында онлайн семинар
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Оrken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2023 жылдың 29 қазанында «Бастауыш сыныптарда цифрлық сауаттылыққа оқытудағы денсаулықты сақтайтын технологиялар» тақырыбында онлайн семинар өткізді.
Өз іс-тәжірибелерімен Өскемен қалалық білім бөлімінің №24 орта мектебінің мұғалімдері бөлісті.
Оның ішінде:
✅Апасова Екатерина Ивановна «Цифрлық сауаттылыққа оқытудағы денсаулықты сақтайтын технологиялар» тақырыбында теориялық баяндама жасады;
✅Кумарова Алия Кумаровна, Умытканова Назерке Умытканқызы, Ещанова Дана Маратовна «Цифрлық сауаттылыққа оқытудағы денсаулықты сақтайтын технологиялар» бойынша жаңа әдіс тәсілдермен таныстыра отырып, роликтер және физ минуттар көрсетті;
Кері байланыс кезінде қатысушылар семинар тақырыбының өзектілігін атап өтіп, өз тәжірбиелеріне пайдаланатындарын айтты.