“Мемлекеттік тіл - менің тілім” республикалық форумы өтті

“Мемлекеттік тіл - менің тілім” республикалық форумы өтті

1 желтоқсан күні Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің ұйымдастыруымен “Мемлекеттік тіл - менің тілім” республикалық форумы өтті. Аталған іс-шараға облыстардан білікті мамандар, спикерлер қатысып мемлекеттік тілді оқытудың тиімділігін арттыратын тиімді әдістерімен, тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар мемлекеттік тіл саясатын дамытуға үлес қосып жүрген азаматтар мен азаматшалар, тіл жанашырлары марапатталды. Аталған іс-шараға Өскемен қаласының мектеп директорлары қатысты.