Педагогикалық идеялар фестивалі

Педагогикалық идеялар фестивалі

Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауының қалалық кезеңін өткізді. Мақсаты: педагогтардың шығармашылық және кәсіби өсуін ынталандыру, Өскемен қаласының білім беру ұйымдары басшылары мен педагогтерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату. Байқауға 100 - ден астам қала педагогтары қатысты.

Қатысушылар ТЕДх форматында тәжірибемен алмасуда өз педагогикалық идеяларын ұсынды. 1 орын иеленген қатысушы «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауының облыстық кезеңіне қатысады. «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз!