«Мен жастарға сенемін» тақырыбындағы дебат

«Мен жастарға сенемін» тақырыбындағы дебат
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ «Самға» даму орталығымен бірлесе қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәні мұғалімдері арасында 2023 жылдың 1 желтоқсан күні Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «Алаш» қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің негізін салушы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Мен жастарға сенемін» атты дебат өткізді.
Мақсаты – «Мен жастарға сенемін» өлеңінің идеясын әр позицияда қорғау.
Дебатқа Өскемен қалалық білім беру мекемелерінің қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәнінен 5 жас маман қатысты.
Қатысушыларды мектеп ансамблінің әдемі әуені тамаша көңіл күймен қарсы алды. Мектеп кітапханашысы М.Жұмабаевтың еңбек жолы, шығармашылығын танытатын көрме ұйымдастырды. Мектеп психологі қатысушылармен тренинг өткізді. «Жас сарбаз» сыныбының оқушылары патриоттық әндерін орындады.
Дебат пікірталас ойынын «Самға» даму орталығының даму бойынша директоры Н.Е.Шайзанова жүргізді. Дебат спикерлері тарих пәні мұғалімдері ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№47 орта мектебі» КММ Т.Ш.Шаріпханов, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектебі» КММ Д.Ф.Мусаипов және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ И.Т. Қожаназыров, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№9 орта мектебі» КММ Е.А.Жанабаев өз көзқарастарын дәлелдеді. Дебат құрылымы, шарты, ерекшелігі жайлы жас мамандарға әдістемелік қолдау жасалды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері И.Т.Қожаназыров және Е.А. Жанабаев дебатқа қатысушы жас мамандармен «Quiz» интеллектуалдық ойынын өткізіп, ережесі мен өткізілу тәртібін ұсынды.
Спикерлерге алғыс хат, қатысушыларға сертификат берілді.