Қала мектептерінің 10-сынып оқушыларына арналған «Тәуелсіз Қазақстан: Тарих және қазіргі заман» постерлер байқауын өткізу туралы

Қала мектептерінің 10-сынып оқушыларына арналған «Тәуелсіз Қазақстан: Тарих және қазіргі заман» постерлер байқауын өткізу туралы

ҚР Тәуелсіздік күніне орайластырылған іс-шаралар жоспары аясында 2023 жылғы 6 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздік күніне арналған 10-сынып оқушылары арасында «Тәуелсіз Қазақстан: Тарих және қазіргі заман» атты қалалық цифрлық постерлер байқауы (digital poster) өтті. Өткізілген орны Өскемен қаласының «№35 орта мектебі» КММ.

Байқаудың мақсаты: ІТ-құзыреттерді іске асыру арқылы оқушыларда белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

Жүлделі орындар келесідей берілді:

- мемлекеттік тілде: 1 орын, Сайлаубаева Айдана, «№35 орта мектеп» КММ, 2 орын Айтмухамед Дінмухаммед, №6 мектеп, Әшімхан Шолпан, № 47 мектеп, Бердібек Әли , Шәкәрім атындағы № 1 орта мектеп оқушылары иеленді;

3 орынды Турсунов Амирлан, Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицей, Расул Амина, № 27 мектеп, Бейсенбекова Аяжан, № 49 мектеп, Кадесова Дәмелі, № 42 мектеп оқушылары иеленді.

-орыс тілінде оқыту бойынша: 1 орынды №8 мектеп оқушысы Анастасия Клепикова, 2 орынды №37 мектеп оқушысы Софья Шуваева, Влада Мариничева, №10 мектеп-гимназия, Никита Томаровский, Л. Гумилев атындағы мектеп-гимназия оқушылары иеленді. 3 орын иегерлері: №18 мектеп оқушысы Сағайдашная Дарья, БМ оқушысы Арашина Алина, №34 мектеп-лицей оқушысы Дементьев Илья.

Сондай-ақ, төмендегідей номинациялар болды:

«Үздік шешендік өнер»: Байшанов Алан, Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі, Құмарбекова Аида, Мұхамет Шаяхметов атындағы № 23 орта мектебі.

«Үздік постер жиынтығы»: Сорокина Елена, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №4 орта мектебі, Құатұлы Данияр, №15 мектеп, Нурканова Эльнара, №12 мектеп-гимназия, Дюсембекова Алина,  №36 мектеп.

Байқау жеңімпаздары мен номинанттарын құттықтаймыз!