
5 желтоқсанда Оқушылар шығармашылық сарайында директор Асташкина Галина Валентиновнаның қатысуымен қалалық мектеп парламенттерінің кездесуі өтті. Мектеп оқушыларының көшбасшылары өздерінің қызықтыратын сұрақтарын қойып , біздің қаланың балалар қозғалысының тәжірибелі кураторларымен сұхбаттасудың сәті түсті. Кездесу барысында балалар сарай мен мектеп белсенділері ынтымақтастығының жұмыс кезеңдерін талқылады, сондай-ақ комитет жұмысын дамыту үшін өз ойларымен бөлісті. Осы жиналыстың бастамашысы ретінде Галина Валентиновна ерекше ықыласпен жас көшбасшыларға, нағыз жол бастаушы қандай болу керек екені туралы бірнеше кеңесін берді.