
2023 жылдың 30 қарашасында ШҚО ТЖД спорт кешені базасында
7 сыныптар арасында «жас құтқарушылар» жасақтары арасында «Жас құтқарушы» атты мектепаралық жарысы өтті. Жарысқа мектептерден 120 оқушы қатысты, олар: 1, 4, 10, 16, 19, 22, 26, 29, 35, 36, 37, 39, 42.
Ашылу салтанатында балаларға ТЖ департаментінің қызметкерлері құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, қатысушыларға №4 жасақтары қоян-қолтық күрес және жауынгерлік дайындық бойынша көрсетілім қойылымдарын көрсетті.
Жарыс барысында балалар өртте-құтқару эстафетасының кезеңдерін еңсерді, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетті, «Дартс» нысанасына дартс лақтырды.
Жарыстың барлық қатысушылары жүлделі орындар үшін және номинациялардағы жеңісі үшін грамоталармен марапатталды.
Жарыс жүлдегерлері ретінде қазылар алқасы келесі командаларды анықтады.
1 орынды 22 және 29 мектептің командалары бөлісті, ал 36 және 26 мектептерде екінші орын. З -ші
командалық орынды-19 мектеп иеленді.
«29ҚББМО» КММ «Жас құтқарушы» орталығы