
30 қарашада No1 балалар музыка мектебінде ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің қазақ халық аспаптар бөлімінің концерті өтті. Тыңдаушылар назарына ұлттық халық аспаптарының өзіндік үні ұсынылды.Орындаушылардың жоғары орындаушылық шеберлігі тек балалар музыка мектебінің жас музыканттарын ғана емес, сонымен қатар шақырылған қонақтар – №36 орта мектеп пен “Исток” мектебінің оқушыларын да баурап алды.