
2023 жылдың 22 қарашасында Білім басқармасы № 1 балалар музыка мектебінің базасында жыл сайынғы қалалық «Таланттар шоқжұлдызы» эстрадалық ән байқауын өткізді. Байқауға 14 жастан бастап вокал өнерін меңгерген, мектептің вокалдық ұжымдарында, үйірмелерде, қосымша білім беру ұйымдарының вокалдық студияларында ән өнерімен шұғылданатын оқушылар қатысты. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы оқушылардың жоғары деңгейін және мұғалімдердің еңбегін, орындаушылық мәдениетін, әр түрлі репертуарын, жеке орындаушылармен, вокалдық ұжымдармен жұмыс істеуін атап өтті. Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз.