
Өскемен қаласының білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығында» КММ мектеп командаларының арасындағы қалалық «Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел» конкурсы өтті.
Конкурстың негізгі міндеттері:
- адамгершілік-патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;
- оқушылардың шығармашылық әлеуетін және қоғамдық белсенділігін дамыту;
- оқушылардың туған жерге, оның мәдениетіне ұтымды және эмоционалды қатынасын біріктіру;
- шығармашылық дарынды балаларды анықтау және қолдау.
Конкурс 2 кезеңнен тұрды:
1 кезең - команда капитандары үшін эссе, қалған команда мүшелері үшін тестілеу;
2 кезең - Театрландырылған сахналық қойылым болды.
Аталмыш байқауға 27 команда қатысып, 2 кезеңге 24 команда өтті.
Бұл байқауға әр мектептен 8-10 сыныптардан тарих және қазақ тілінен үздік деген 10 оқушы қатысты.
«Наурыз» мейрамына арналған сахналық қойылымда №12, 16, 46, 48, 49 мектептерінің талантты да дарынды оқушылары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді. №44, 32 мектептер ІІІ орынды қанжығасына байласа, №16 және №48 мектептер ІІ орынды иеленді.
Бас жүлдені иеленген №46 орта мектеп байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды.
Байқау қатысушыларына қала намысын қорғауда сәттілік тілейміз!
Модератор: дарындылық бойынша әдіскер Д. Т. Айкенева