2023 жылдың 28 қарашасында ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болам!» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында қалалық ғылыми - практикалық конференция өткізді.
Максаты: С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен дәріптей отырып, шығармаларын оқыту бойынша өзара іс - тәжірибе алмасу, жазушы мұрасын зерттеу бойынша тәжірибе алмасу және тың идеяларын қазіргі білім беру жүйесінде жүзеге асыруды жетілдіру.
Конференция «Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығы мен поэзия әлемі», «Басқалар жоғын тапқанда, біздер қайтып қаламыз...» (Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларын оқытудың әдістемесі), «Ұмтылып ойға, қырға оқтай ағып...» («Оқуға құштар мектеп» бағдарламасы аясында Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларын сыныптан тыс оқыту тәжірибесімен бөліседі, «Ойымда жоқ қажу деген, ашу деген...» (қатысушы ұстаздармен шеберлік сабақ көрсетеді) атты бағыттар бойынша өткізілді.
Конференцияға қала мектептерінен барлығы 46 педагог қатысты. Педагогтар әр кезең бойынша заманауи технология арқылы әртүрлі әдістерді қолдану жолдарын көрсетіп, өз іс - тәжірибелерін ортаға салды. Ақын шығармаларын сыныптан тыс оқыту тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сабақ көрсетті.
Конференция өте жоғары деңгейде өтті.
Модераторы: қазақ тілі және әдиебиет пәні бойынша әдіскері З. С. Скакова.