2023 жылдың 28 қарашасында ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болам!» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында қалалық ғылыми - практикалық конференция өткізді.
Максаты: С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен дәріптей отырып, шығармаларын оқыту бойынша өзара іс - тәжірибе алмасу, жазушы мұрасын зерттеу бойынша тәжірибе алмасу және тың идеяларын қазіргі білім беру жүйесінде жүзеге асыруды жетілдіру.
Бұл қалалық ғылыми - практикалық конференцияны жас мамандар «Сарыарқаның жаңбыры» атты сахналық қойылыммен ашты.
Қойылым С.Торайғыровтың Катонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылына бала оқытуға келген кезін суреттейді. Қойылымның мазмұны бай, құндылығы бағалы. Сценарийді жас мамандар өздері жазған.
Жас мамандар С.Қуанбек (№ 1 ом.), А.С.Қайсанов (№ 27 ом.), А.А.Бегалиев( № 38 г.) қойылым қойса, Қ.Құрманбекұлы(№ 5ом.), У.Е.Ержанова (№ 39 ом.) ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Ал Е.А.Жанабаев (№ 9 ом.) ақынға жазған Арнауын оқыды.
Жас мамандарға, талантты жастарға сәттілік тілейміз!
Модераторы: қазақ тілі және әдиебиет пәні бойынша әдіскері З. С. Скакова.