«Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауының қалалық кезеңінің өтуі туралы баспасөз-хабарламасы

«Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауының қалалық кезеңінің өтуі туралы баспасөз-хабарламасы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауын өткізу қағидаларының негізінде 2023 жылғы 1 желтоқсанда «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауының қалалық кезеңін өткізеді.

Республикалық байқаудың қалалық кезеңін ұйымдастырушы: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ.

Мақсаты: педагогтердің шығармашылық және кәсіби өсуін ынталандыру, Өскемен қаласының білім беру ұйымдары басшылары мен педагогтерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.

Іс-шараның әсері: кәсіби қоғамдастық ішінде табысты педагогикалық тәжірибе алмасуға және өзінің зияткерлік еңбегінің нәтижелерін көпшілікке көрсетуге ұмтылатын белсенді және шығармашылық педагогтерді педагогикалық қолдау.

Қатысушылар: директорлар, директорлардың орынбасарлары, мектеп мұғалімдері, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен әдіскерлері, музыка қызметкерлері, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері, сынып жетекшілер, психологтар, логопедтер.

«Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауы маңызды щара болып табылады, қоғамдағы педагог мәртебесін арттырады. Байқау шеңберінде педагогтер 7 минут ішінде ТЕДх форматында педагогикалық идеяны қорғауы тиіс (осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес бағыттарға сәйкес). Байқауға арналған материалдарды Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің 28.11.2023 ж. №250 бұйрығы негізінде құрылған комиссия бағалайды, байқауда үздік педагогикалық идеялар айқындалады (осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес бағыттарға сәйкес) және байқаудың облыстық кезеңіне қатысу үшін жіберіледі.

Өткізу орны: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 48 мектеп-қосымша білім беру орталығы»  КММ.

Қатысушыларды қамту-90 адам.