«Тәуелсіздік - бағаға жетпес құндылық» атты тақырыпта эссе байқауының 2-ші күні

«Тәуелсіздік - бағаға жетпес құндылық» атты тақырыпта эссе байқауының 2-ші күні
Бүгін, яғни 2023 жылдың 28 қарашасында Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының 8 - 11 сынып оқушылары арасында қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу шеңберінде «Тәуелсіздік - бағаға жетпес құндылық» атты тақырыпта жалпы эссе байқауының 2-ші күн өтіп жатыр.
Байқау оқушылардың азаматтық сана - сезімін дамытуға, оның ел тағдырына қатыстылығы мен болашағы үшін жауапкершілігін тәрбиелеуге бағытталған.
Кеше, яғни 2023 жылдың 27 қарашасында жалпы эссе байқауының мектепішілік кезеңіне қаланың білім беру ұйымдарынан 4263 оқушы қатысты.
Бұл жалпы эссе байқауына сыныптардағы барлық оқушылар қамтамасыз етіледі.
Бүгін жалпы эссе байқауының мектепішілік кезеңі № 3, 5, 7, 12, 14, 16, 20, 23, 27, 34, 35, 44, 45, 46, Нұр Орда білім беру ұйымдарында басталды және жалғасуда.
Мектепішілік жалпы эссе байқауынан І орын жеңіп алған оқушылар 2023 жылдың 8 желтоқсанында қалалық кезеңге қатысады.
Модераторлар: қазақ тілі және әдиебиет пәні бойынша әдіскері З. С. Скакова, орыс тілі пәні бойынша әдіскері Е.П. Круглова.