«Жер Кәсіптері» тақырыбында нетворкинг өткізілді

«Жер Кәсіптері» тақырыбында нетворкинг өткізілді
2023 жылғы 26 қарашада ШҚО Өскемен қаласы ББ "Жас техниктер станциясы" КМҚК "Жас геолог", "Спорттық туризм" "Туристік көпсайыс" үйірмелерімен «Жер Кәсіптері» тақырыбында нетворкинг өткізілді.
Тәжірибе алмасу үшін спелеолог, зерттеуші-спелеостолог Петров Николай Николаевич шақырылды. Геологтар мен туристер үңгірлерді зерттеу және саяхаттау ерекшеліктерімен, қажетті жабдықтармен және туған өлкенің тарихымен танысты.
Бұл кездесудің басты міндеті - оқушыларды Шығыс Қазақстан облысындағы спелеологияның дамуымен таныстыру.