«Бәсекелес педагог - 2023» қалалық байқауы

«Бәсекелес педагог - 2023» қалалық байқауы
«Бәсекелес педагог - 2023» қалалық байқауын Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі 2023 жылдың 24 қарашасында білім беру саласында отандық тәжірибедегі алдыңғы қатарлы идеяларды қолданатын, жаңашыл, білікті, шығармашыл педагогтардың кәсіби шеберліктерімен танысып, іс - тәжірибелерін тарату мақсатында  өткізді.
Байқауға Өскемен қаласы бойынша білім беру ұйымдарының қазақ тілінде білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
«Бәсекелес педагог - 2023» қалалық байқауына қала мектептерінен 10 педагог қатысты. Қазылар алқасының шешімі бойынша:
Бас жүлдені Б.Ш.Муканов (№ 27ом), І орынды И.К.Меткенова (№ 3 мл), ІІ орынды Ж.Кунафышева (№ 14 ном), А.О.Халелова (№ 45 обм), ІІІ орынды А.М.Мухамадиева (№ 23 ом), А.Б.Оразбекова (№ 47жббм), С.А.Мырзабекова (№ 48 қббмо) жеңіп алса, М.К.Зарипова (№ 15 ом) мен Л.Б.Елшибаева (№ 46 ом) қатысқандары үшін сертификаттарға ие болды.
Бас жүлдені жеңіп алған № 27 орта мектептің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Б.Ш.Муканов «Бәсекелес педагог - 2023» облыстық байқауға қатысады.
Жеңімпаздерды құттықтаймыз!
Модераторы: қазақ тілі және әдиебиет пәні бойынша әдіскері З. С. Скакова.