2023 жылдың 27 қарашасында Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының 8 - 11 сынып оқушылары арасында қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу шеңберінде «Тәуелсіздік - бағаға жетпес құндылық» атты тақырыпта жалпы эссе байқауы басталды.
Байқау оқушылардың азаматтық сана - сезімін дамытуға, оның ел тағдырына қатыстылығы мен болашағы үшін жауапкершілігін тәрбиелеуге бағытталған.
Бүгін жалпы эссе байқауының мектепішілік кезеңі № 1, 9, 12, 18, 27, 29, 30, 33, 35, 37, 38, 39, 42, 43, 45, 48 білім беру ұйымдарында басталды.
Бұл жалпы эссе байқауына сыныптардағы барлық оқушылар қамтамасыз етіледі.
Мектепішілік жалпы эссе байқауынан І орын жеңіп алған оқушылар 2023 жылдың 8 желтоқсанында қалалық кезеңге қатысады.