
Балабақша директоры С.Б. Капезова «Балабақша мен отбасы арасындағы ынтымақтастық” тақырыбы бойынша өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Болашақ ұрпақ тәрбиесінде балабақша мен отбасы арасындағы байланыс аса маңызды екенін көрсетіп өтті. Балабақшада ұйымдастырылып жатқан жұмыс түрлеріне тоқталды:

Заттық-кеңістік дамытушы орта;

Сюжетті-рөлдік ойындар алаңы;

Мобильді кітапхана, ақылды еден, зертхана;

Ұлттық күн;

Ата-аналармен бірлескен іс-шаралар.
Сонымен қатар, құзіреттілік орталықтарының жұмысын дұрыс ұйымдастыру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын игеру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жәй күйі, алда тұрған міндеттер мен өзекті мәселелер талқыланды. Білім жетілдіру барысында озық тәжірибелер мен тың идеяларды ұсынған ҚР оқу-ағарту министрлігінің Балаларды ерте дамыту институтына алғысымызды білдіреміз!