"Адал Ұрпақ"қлубтарының мектеп слеты

"Адал Ұрпақ"қлубтарының мектеп слеты

Оқушылар шығармашылық сарайында 23 қараша күні үлкен жиын өтті . Өскемен қаласының «Тәуелсіз зерттеу орталығы » қоғамдық бірлестігі , білім бөлімі мен ішкі саясат бөлімінің бірлесуімен, сондай -ақ шығармашылық сарайының қатысуымен «Адал Ұрпақ»қалалық ерікті мектеп қлубтары слеты ұйымдастырылып өткізілді.
Бұл шара Өскемен қаласының жастар арасындағы жемқорлыққа қарсы күрес туралы түсініктерін дамытып, қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Слет бағдарламасында мектеп қлубының ең үздігін анықтайтын соңғы кезеңі болды. Сайыс екі кезеңнен тұрды. 1 кезең сырттай өткізілді, яғни жемқорлыққа қарсы видеоролик , 1 қабаттағы фойеде ілінген үгіт плакаттары ұсынылды.
Сырттай кезең қорытындысы бойынша сайыстың 6 қлубы ерекшеленді . Мектеп оқушылары сарай сахнасында өз шығармашылық үгіт топтарын көрсетті . Әділқазылар алқасы жүлдегерлерді сайыс жеңімпаздарын анықтап ,бағалы жүлделермен марапаттады .
Көрермен залында «жемқорлыққа жол жоқ» деп бір ауыздан үн қосуға қалалық мектептердің «Адал Ұрпақ» қлубының өкілдері жиналды.