«Тарих пәнінің үздік мұғалімі» атты байқау өтті

«Тарих пәнінің үздік мұғалімі» атты байқау өтті
2023 жылғы 22 қарашада Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ-де ҚР Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында «Тарих пәнінің үздік мұғалімі» атты байқау өтті. Байқауға 25 жылдан астам жұмыс өтілі бар және жас педагогтер қатысты. Цифрлық білім беру саласын қолдану арқылы жұмыстың инновациялық әдістерін қолдана отырып, әртүрлі форматтағы сабақтар көрсетілді.
Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар 2023 жылғы 12 желтоқсанда өтетін облыстық кезеңге жолдама алды.