«Шеңберден тыс ойлау. Интернеттің және сыныптың болмауы жағдайында заманауи оқытудың әдістері» атты отырыс

«Шеңберден тыс ойлау. Интернеттің және сыныптың болмауы жағдайында заманауи оқытудың әдістері» атты отырыс

23.11.2023 жылы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 37 көпбейінді орта мектебі»  КММ  базасында Өскемен қаласы мектептерінің шет тілі мұғалімдерінің шығармашылық тобының «Шеңберден тыс ойлау. Интернеттің және сыныптың болмауы жағдайында заманауи оқытудың әдістері» атты отырыс өткізілді.

         Білім бөлімінің тілдік пәндер бойынша әдіскері Е. П. Круглова тілдік пәндер мұғалімдерінің шығармашылық тобының отырыстарында әртүрлі жеке технологияларды пайдалана отырып, білімнің тиімділігін арттыру мақсатында шет тілдерін оқыту мәселелері қаралатынын атап өтті. Қала мектептерінің шет тілі мұғалімдерінің шығармашылық тобының жетекшісі С. В. Клиновицкая өзінің кәсіби тәжірибесінде мұғалім оқушылардың жасын және оқу деңгейін ескере отырып, тілді оқытудың заманауи әдістері мен технологиялары арқылы шет тілін білудің тиімділігін арттыруға мақсатты түрде ұмтылуы керек деп санайды. Шығармашылық топтың отырысында №37 мектептің ағылшын тілі мұғалімі А.В. Сафонова - педагог зерттеуші, Л. Ю. Протченко - педагог –сарапшы, Рюмина К.Н.- педагог –сарапшы, Нигериядан келген ерікті Дэниел Дамиларий сөз сөйледі.