Бастауыш мектептегі инклюзивті білім беру: әдістері мен тәсілдері

Бастауыш мектептегі инклюзивті білім беру: әдістері мен тәсілдері

2023 жылдың 23 қараша күні Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі бастауыш  сыныптың  жас  педагогтеріне  арналған «Бастауыш мектептегі инклюзивті білім беру: әдістері мен тәсілдері» атты семинар өткізді.

        Семинардың мақсаты: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудағы заманауи әдістер мен тәсілдер қолдану бойынша   педагогтердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

         Іс - шараға  қаламыздың  0 - ден 5 жылға дейін еңбек өтілі бар 60 - тан астам бастауыш сынып  педагогтері  қатысты. Семинар  модераторы: қалалық білім бөлімінің  бастауыш сынып әдіскері - Д.Л. Шакерова.

        № 6 орта мектебінің бастауыш сынып педагогтері қазақ тілі, жаратылыстану, әдебиеттік оқу пәндері бойынша ашық сабақтар жүргізді.

        Сонымен қатар, № 6 орта мектептің педагогтері шебер - сынып көрсету арқылы практикалық тәжірибелерімен бөлісті.

        Семинар қорытындысында қатысушылар семинардың  ұйымдастырылу мен өткізілуіне жоғары баға берді.