"Үздік өлкетану сабағы - 2023" облыстық байқауының қалалық кезеңі

"Үздік өлкетану сабағы - 2023" облыстық байқауының қалалық кезеңі

2023 жылғы 21 қарашада № 19 қосымша білім беру мектеп-орталығының алаңында Өскемен қаласының білім бөлімі "Үздік өлкетану сабағы - 2023" облыстық байқауының қалалық кезеңін өткізді. Байқауға тарих, география және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің 19 педагогы қатысты. Байқаудың мақсаты: мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, тарату және Өлкетану пәнін насихаттау. Байқауға қатысушылар өз жетістіктері мен оқушылардың пән бойынша жетістіктерін таныстырды. Өлкетану сабақтарының бейнежазбаларын көрсетті, қысқа мерзімді сабақ жоспарлары мен сабақтың  талдауын ұсынды.

Әр пән бойынша конкурс жеңімпаздары 2023 жылғы 28 қарашада өтетін конкурстың облыстық турына жолдама алды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!